MARKET
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша қызмет көрсетушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша қызмет көрсетушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша қызмет көрсетушінің атына беріледі.
Шағым жазбаша түрде, пошта немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерінің мекенжайы (ел, пошта индексі, облыс/аудан/елді мекен, көше/даңғыл/шағын аудан атауы, үй/пәтер нөмірі), байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымды қызмет көрсетушінің канцеляриясында тіркеу оны қабылдау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына, осы стандарттың 14 тармағында көрсетілген мекен – жайлар мен телефондарға жөнелтіледі.
Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, поштамен келіп түскен шағымның қабылдауын растау, оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы жүгінгенде шағымданудың тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 және 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды қызмет алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы жолдағанда, шағымның қаралу жағдайы туралы ақпарат қол жетімді, қызмет көрсетуші шағымды өңдеу барысында ол жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Қызмет көрсетушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының атына келіп түскен шағымы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның тіркелген күні оны қараудың мерзіміне кірмейді.
Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта байланысының көмегімен қызмет алушыға жолданады немесе қызмет көрсетушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңселерінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына баға беретін және бақылау жасайтын уәкілетті органға шағымдануға жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына баға беретін және бақылау жасайтын уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесімен келіспеген жағдайда, қызмет алушының Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-бап. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары
1. Көрсетілетін қызметті алушылардың:
1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға;
3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;
5) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысуға;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Көрсетілетін қызметті берушілердің:
1) орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ақпарат үшін сұрау салумен жүгінуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы бар.
2. Көрсетілетін қызметті берушілер:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын осы Заңда белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар етуге;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдануға;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
11) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге;
12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің салыстырып-тексеруі үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.